Тәрбие жұмысы мектеп жанындағы балалар үшін басты нәрсе. Жеткіншектердің келешекте қандай азамат болуы мектеп- интернатта берілген тәрбиемен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысы қаншалықты қиын, жауапты болса, соншалықты құрметті. Тәрбиешілер ұжымы осы міндетті көкейлеріне түйген. Шалғай облыс, ауылдан келген өнерлі оқушылардың тамағының тоқ, көңілінің шат болуына жағдай жасап, анасындай маңдайынан сипап, мейіріне бөлейді.
Мектеп-интернатта 20 тәрбиеші (2 тәрбиеші қосалқы) жұмыс істейді. Олардың барлығы да жоғары білімді, білікті мамандар. Күндізгі ауысымда 14 тәрбиеші, түнгі ауысымда 4 тәрбиеші, жексенбі күні 2 тәрбиеші жұмыс атқарады.
Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәрбиешілеріміз жетерлік. Ұрпаққа тәлім – тәрбиесін көп жылдан бері сіңіріп келе жатқан интернат меңгерушісі Бекимова Данагүл Телтайқызы
Тәрбиешілер: Мурасқалиева Г., Абилкасимова Г.М. Қуанышбаева М., Атабекова Г. Райымқұлова Ж., Раймкулова Б., Мамырбекова Г., Исаева Г., Құрсақбаева А., Далишева Б., Рақымберген Қ. Нұрқасым Ә., Құрсақбаева С.,
Түнгі тәрбиешілер: Алпысбаева А., Жанпейсова А., Алибаева Б.С., Сарықұлова Б.,
Жексенбілік тәрбиеші: Далишева Н., Темірбекова З.С.
Интернатта дәрігерлік қызметі де жолға қойылған. Бас дәрігер Г.Б.Төлепбергенова, медбике Ш.Саурыкова еңбек етіп келеді. Сонымен бірге, екі кітапхана бар. Кітапханашы Мұсаева Нұрғиза (оқу залы), ноталық – Сегізбаева З. балалармен тығыз жұмыс жасайды.
Интернатта тәрбиеленушілердің саны – 230. Оның 125-і қыз бала, 105-і ұл бала. Интернатта 54 жатын бөлмесі, 2 ойын залы, 1 асхана жұмыс істейді.
Ал асханада бас аспаз, 4 аспаз және 4 аспаз көмекшілері, 2 шаруашылық қызметкері, диетбике және қойма меңгерушісі жұмыс істейді.