Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған)- кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.),- ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). халықаралық конкурстардың лауреаты.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп (Роза Рымбаевадан кейін), үлкен танымалдылыққа ие болды. Мақпал Жүнісова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.

Хронологиясы[өңдеу]

  • 1981 – «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.
  • 1985 – Халықаралық «Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың» иегері (Қырғызстан)
  • 1987 – Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (Өзбекстан)
  • 1996, 1997 ж. – «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін «Гран-при» иегері
  • 1998 – Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері
  • 1996 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
  • 1997 – I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры
  • 2007 – «Астана» медальінің иегері
  • 2007 – Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
  • 2011 – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісінің иегері
  • 2011 – Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының факелін алып жүрді
  • 2013 – ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісованың құрметіне «Мақпал» сән үйлері жүйесі ашылды
  • 2013 – Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Франция, Индия мемлекеттеріндегі концерттік турне
  • 2014 – «Алтын микрофон» статуэткасы
  • 2014 – «Сахна ханымы» атағы.
  • Марапаттары
    • Лениндік комсомол сыйлығы — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін (1982 ж.)
    • Халықаралық «Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың» иегері (1985 ж. Қырғызстан).
    • Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан).
    • Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1991)
    • Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.)
    • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.).
    • I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).
    • Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1998 ж.).
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
    • «Платиновый Тарлан» премиясын алды (2001 ж.)
    • Қарағанды облысының құрметті азаматы (2002 ж.).
    • «Тәуелсіз Тарлан» сыйлығының иегері (2003 ж.).
    • «Звезда созидания» ордені (2004)
    • Үрімші ауданының құрметті азаматы (Моңғолия, 2006 ж.)
    • «Астана» медальінің иегері (2007 ж.)
    • «Алтын Адам» сыйлығының иегері (2009 ж.)
    • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісінің иегері (2011 ж.).
    • «Алтын микрафон» статуэткасы (2014 ж.)
    • «Сахна ханымы» атағы (2014 ж.)