Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында туған.
Әкесі – Райымқұлов Рахметолла, жазушы. Анасы – Райымқұлова Мәкиза Дайырбайқызы, зейнеткер, Қазақ кеңес энциклопедиясының бөлім мөңгерушісі болып жұмыс істеген.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарих-теория факультетін (1987) композитор, пианист, музыкалық-теориялық пәндер педагогы, пианист, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисі мамандығы бойынша; Халықаралық бизнес академиясын (2007) МВА дәрежесімен бітірген.
Өнертану кандидаты (2007), докторы (2010). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Музыкалық өнер объектісі нарық қатынастарының объектісі ретінде». Доцент (2008 жылдан). «Аспанкөші» балетінің, «Толғау», «Дала сыры», «Жәмиля», «Асар» симфониялық поэмаларының; 20 спектакль мен кинофильмнің музыкасының авторы, оның ішінде «Періштеге хаттар», «Астана-махаббатым менің»; 3 кантатаның, «Ежелгі тұран» симфониеттасының; 300-ден астам әннің; мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақаланың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1988 жылдан – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, педагогы.
2000 жылдан бері – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры, кафедра меңгерушісі. КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1990). Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1990). ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2004).
Саяси қайраткер ретіндегі идөалы – Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Өркендеген Қазақстан». Хоббиі – жүзу.
Тұрмыс құрған. Жұбайы – Қараманов Нұрлан ұзақбайұлы, заңгер. Ұлдары – Қараманов Оспан Нұрланұлы, Қараманов Әлім Нұрланұлы.