Толқын Тоқтаубайқызы Забирова

Толқын Тоқтаубайқызы Забирова 1970 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын (2000) тәмамдаған. Эстрада әншісі.

1993-1995 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокалдық-педагогикалық практика пәнінің оқытушысы.

«Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996), және «Әлібек Дінішевтың театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада конкурстарының лауреаты.