Ұстазға құрмет!

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, профессор, дүниежүзілік гобойшылар ассоциациясының құрметті мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Ткишев Темір Ғабдуллинұлына дәл бүгін мектебімізде жұмыс істеп жүргеніне 55 жыл. Мектеп ұжымы Темір Ғабдуллинұлын бұл ерекше күнмен құттықтады. Ахмет Жұбанов 1964 жылы еліміздің шалғайда жатқан ауылдарынан қазақ балаларын жинап, музыкалық мектеп ашып, алғашқылардың бірі болып, Темір Ғабдуллинұлын шақырып, өзі  жұмысқа алды. Сол күннен бері адал еңбек атқарып жүргеніне 55 жыл болды. Гобой сыныбын ашып, гобойшыларды үлкен жетістіктерге жеткізіп келді.

Қазір түлектерімнің көбі шет елде көбісі доцент,  профессор мен олармен мақтанамын және бүгін ұмытпай, мені құттықтап жатқан мектеп директоры Гүлмира Жұмаділқызына және мектеп ұжымына алғысымды білдіремін деп ризашылығын айтты.