Алғашқы қоңырау

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Буенбаева Гульмира Жумадиловна құттықтау сөз айтып, жаңа оқу жылында мектеп ұжымына сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған биылғы 38 оқушыға мектебіміздің дәстүрі бойынша 12-сынып оқушылары жолдарын берсін деген ниетпен сыйлықтар тарту етті, қоңырау үні соғылды, ақ тілектер айтылды, ән шырқалып, музыкалық аспаптар да ойналды. Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған