Жарты ғасыр баулыған ән мен сазға 55 жыл

Бүгін мектептің 55 жылдығына арналған «Жарты ғасыр баулыған ән мен сазға 55 жыл» атты тәрбие сағаты өтті.

Оқушыларды мектептің тарихымен терең таныстырып, сабақ жүргізген 10-сынып жетекшілері: Еркежан Қадіртайқызы және Мира Қасымқызы.

Мектебіміз ашылған күннен бергі тарихын мектептің мұражайында сақтап келеді. Оқушылар мектеп үшін маңызды естеліктер туралы ой бөлісті, мектептің іргетасын қалап, оқу үрдісінің негізін салған ұстазтардың еңбектерін айтып, мектептің 55 жылда жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Қазақ балаларына арнап, кәсіби музыкалық білім беретін мектеп ашып кеткен А.Жұбановтың еңбегі орасан.

Биыл білім мен өнер ордасына 55 жыл. Жарты ғасырға жуық тарихы бар бұл мектеп талай дарындыларды ұядан ұшырып, қазақ мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келеді.