Директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары

Оспанкулова Сания Акылбекқызы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 2008 жылы бітірген.

2009 жылдан А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп- интернатында ұстаздық қызмет атқаруда. 2017 жылдан бастап ішекті аспаптар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Мектептегі арнайы білім беру процесіне еркін араласып, оқушылардың кәсіби дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Осы уақыт ішінде оқушылары белсенді түрде әр түрлі халықаралық конкурстарға қатысып, бірнеше рет лауреат атанды, Гран-при және бірінші орындарға ие болған. Жамбыл атындағы Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрмен және «Қазақстан Камератасы» камералық оркестрдің сүйемелдеуімен ойнап өнер көрсетті. Оқушылармен өзара қарым – қатынас орнатуда, оларға нақтылы талап қоя білуде, мамандық пәнінің нәтижелі өтіп, әдістемелік тұрғыда табысты өткізілуіне барынша ден қойып отыратын аса ізденімпаз ұстаз ретінде өзін көрсете білді.