Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Динжанова Толғанай Мухиденовна кәсіби тәжірибесі жоғары деңгейдегі бастауыш сынып мұғалімі.

Білімі жоғары. Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл. Гурьев педагогикалық институтының бастауыш оқу педагогикасы мен методикасы факультетін бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша 1986 жылы оқып  бітірген. Өзінің еңбек жолын Атырау облысы  Индер ауданы М.Сиранов атындағы орта мектептен бастап, бастауыш сынып мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі мен жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Егеменді елдің ертеңі ізденімпаз жеке тұлғаны тәрбиелеуге тынбай үлес қосып келе жатқан ұстаз А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында  20 жыл бастауыш сынып мұғалімі  қызметін  атқарып  келеді. Ұстаздың жұмысының өзекті тақырыбы: Жаңа дәуір стандартының талаптарын жүзеге асыруда отбасымен әлеуметтік әріптес ретінде ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Құндылығы: Бірлесіп өткізген сабақтар, семинарлар, сұхбаттасулар, ақпараттар алмасу арқылы мектеп пен отбасы арасында тығыз қарым-қатынас орнатылады. Нәтижелілігі: Оның тәрбиелеген шәкірттері қазіргі таңда жоғары оқу орындарын бітіріп, еліміздің мәдени және білім саласын көтеруге өз үлестерін қосуда. Педагогикалық шеберлігін үнемі шыңдауға ұмтылатын, жаңалыққа жаны құштар ұстаз дәстүрлі емес технологиялармен қатар жаңа методикалық жұмыс түрлерін енгізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Педагогикалық шеберлік орталығында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын (ІІ №0000750, 04.11.2013ж.) және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары  біліктілігін арттыратын республикалық  институтында, Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қалалық филиалында білімін көтеріп, біліктілігін жетілдіріп отырды. Тәлімгер ретінде өз іс-тәжірибесін әдістемелік кеңестерде ортаға салып, «Екінші деңгей бағдарламасының» жалпы мақсат, міндетімен таныстыру», «Бірлескен топ жұмыcын ұйымдастыру», «Оқудағы кедергілерді анықтау», «Критериалды бағалау», «Диалогтық оқыту» тақырыптарында коучингтер өткізді. Өз жұмысының тиімділігі мен сапасын үнемі сын тұрғысынан бағалап, ҚР білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Өткен және қазіргі заман мәнмәтініндегі қазақ музыка өнері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың өзара белсенділігін арттыру» тақырыбымен қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. «2-сыныпқа арналған логикалық жатығулар жинағы» атты әдістемелік көмекші құралдың авторы.  Әр ісіне шығармашылықпен қарайтын ұстаздың  ізденістері мен іс-тәжірибесі бағаланып, «За вклад в развитие образования» медалімен марапатталып, есімі «Лучшие люди. Лучшие в образовании: Болшая международная энциклопедия» кітабына енгізілді.Өнер саласына қосқан үлесі үшін «Өнерлі өркениет» орталығының «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. Баланың жеке тұлғасына өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылдыратын технологияны бағыттап, жаңа үрдістерді сабақтастыра қолданатын ұстаз өз ісінің лайықты маманы ретінде мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.