Баспасөз бөлімі

Баспасөз қызметі

Аяжан Бауыржанқызы

Журналист, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Халықаралық журналистер одағының мүшесі (The International Federation of Journalists). 2018 жылдан бері Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да баспасөз қызметінде жұмыс істейді.

Америка Құрама Штаттары, Вайоминг университетінде (The University of Wyoming) ғылыми-тәжірибелік тағылымдама өтті. Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында өткен халықаралық көшбасшылар қысқы мектебінің қатысушысы. «XXI ғасырдың инновациялық әлеуеті: жас зерттеушілердің үлесі», Азаматтық білім беру мектебі, МИСК Қазақстан және National Endowment for Democracy, «Media literacy week», т.б. жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында баяндама оқыды. 

«М. Барманқұлов оқулары» аясында өткен «Визуалдық коммуникация  және цифрлық медиа симбиозы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының II орын иегері, Республикалық  «Рух» шығармашылық конкурсының III орын иегері, «Фараби әлемі» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының II орын иегері

E-mail: ayazhan.news@gmail.com