Бекимова Данагуль Телтаевна 04.04.1970 жылы Алматы облысы ,Шелек ауданы,Нұра ауылында дүниеге келді. Ол 1991-1994 жылы Алматы қаласындағы №1 педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші» мамандығы бойынша бітірді. 1994-1997 жылы Абай атындағы ,Алматы мемлекеттік университетінің «Бастауыш өқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген,білімі жоғары. Педагогикалық еңбек өтілі-32 жыл. Осы мекемеде 2003-2007 жылдары қоса жұмыс атқарып ,2007 жылдан бастап тәрбиеші болып қызмет етуде. 2017 ж. жоғары деңгейлі жоғары санатты тәрбиеші куәлігін алған. Данагуль Телтаевна жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қомақты үлес қосып жүрген білікті ұстаз,тәрбиеші.Осы еңбек еткен жылдары өз ісіне жетік,білімді маман ретінде өзаттар қатарынан табыла білді. Өзінің іс-тәжірибесін қалалық,республикалық,халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда бөліседі және журнал беттерінде жарық көріп жүр. Ол үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді.Шығармашылық жұмыстарын атап айтар болсақ:2018 жылы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Тарихи Ұлы Жеңіс»атты республикалық байқауға дарынды шәкірттер дайындағаны үшін «Үздік ұстаз» атанды. Төсбелгімен марапатталды .Сонымен қатар 2020 жылы «Халықаралық үздік тәрбиеші» олимпиадасының Диплом I дәрежелі жеңімпазы, 2020 жылы қараша айында өткізілген Республикалық «Тәрбиеші болу-бақыт Блиц-турнирінің 3 орын жеңімпазы», 2022 жылы «Лучший воспитатель» олимпиадасы,Smart олимпиадасына қатысып-II,III дәрежелі Диплом. 2022 жылы Диплом I дәрежелі «ORLEU-TV.KZ», «Үздік сабақ» номинациясы бойынша марапатталды. Ол өзінің іс-тәжірбиесін қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда бөліседі және баспа беттерінде жарық көріп жүр. Атап айтсақ 2019 жылы «Современное образование в школе, колледже и вуз-е» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Тәуелсіздік теңдігімнің белгісі», 2020 жыл № 9 саны Ozat.RZ. республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналына «Ұрпақ тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» 2020 жылы «Оқу, иновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналына «Жыр дүлділі-Мұқағали», 2021 жыл №9 саны «Қазақстан ұстазы» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналына «Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеяларының білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтастығы», 2022 жыл республикалық ғылым мен білімді қолдау орталығында«ORLEU-TV.KZ» халықаралық журналға «бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаттары» атты мақалалары жарық көрді. 2021 жыл «Ұлттық құндылық-ұлт қазынасы»әдістемелік көмекші құрал авторлық бағдарламасы Қызылорда баспасынан шығып оқырманға жетті. Бекимова Данагүлдің ұстаздық біліктілігін төмендегі өткізген ашық сабақтары мен бейне сабақтарынан байқауға болады. Мысалы: А.Құнанбаевқа 175 жыл «Ынтымақ, бірлік жарасқан мәңгілік ел қазақстан», «Тәуелсіз елдің болашағымыз», «Наурыз-мерекем, наурыз-берекем» атты тәрбие сағатын өткізді. Жұмыс барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау және тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыруға, жастарды қазақстандық патриотизмге, ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеуге көп үлес қосып келеді. Оқушыларын әртүрлі Республикалық байқауларға қатыстырып жеңімпаз атанды.2018 жылы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Тарихи ұлы жеңіс»,«Поэзия! Менімен егіз бе едің?» және «Аялы алақаны анамның өнер байқауында», көркем сөз номинациясы бойынша дарынды шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Ж.Жабайұлының 175 жылдығына арналған «Жыр патшасы-Жамбыл» республикалық өнер байқауында және халықаралық «Махамбет, Абай және мұқағали» оқуларына көркем сөз номинациясы бойынша қатысып бас жүлде мен 1 орын жеңімпаздары атанды. Мектеп әкімшілігі тарапынан бірнеше рет құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды. Шәкірт тәрбиелеуде озық тәжірбиесімен көзге түскен ұстаз. Сынып ата-аналарымен ортақ тіл табысыа біліеді.Оқушыларының сабақ үлгерімі жақсы, дарынды, өнерлі балалар. Бекимова Данагүл Телтайқызы биылғы оқу жылында ҚР мәдениет және спорт министірлігі «Еліміздің Мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.