Кішіге ізет

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының директоры Абдуллаев Оңдасын Абдуллаұлы мектебіміздің 55 жылдығына арнап, Нұркен Нұрғалиұлына және мектеп ұжымына құттықтау хат жазып және «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты Музыкалық антология сыйға тартты.

Өнер саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірі Оңдасын Абдуллаұлына шынайы көңілден шыққан ізгі тілегі мен құрметіне алғыс білдіреміз және 19 қараша күні салтанатты мерейтойымызда күтеміз! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған