Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты халыққа Жолдау жариялаған болатын.
⠀
Осы Жолдауды ілгерілету және ақпараттық сүйемелдеу мақсатында бүгін мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Әбдіхалық Теміржан Олжабайұлының жетекшілігімен 12-сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті.
⠀
Жолдаудағы міндеттерді талқылап, көтерілген мәселелерге тоқталып, Қазақстанның болашағын нығайту мақсатында әр оқушы өз ойларын айтып, пікір алмасты.
⠀
Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты, әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты өз ұсыныстарын білдіріп, оқушылар еліміздің болашағы үшін алаңдайтын, адал қызмет жасауға дайын түлектер екенін білдірді.