Тұңғыш Президенті күні қарсаңындағы концерт

29 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні –1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін мемлекеттік мейрам. Бұл мереке Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы айшықты жетістіктерін жалпақ жұртқа таныту мақсатында аталып өтіледі.

Мектеп директоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы құттықтау сөз айтып, Елбасымыз Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен елді алып жүру міндетін абыроймен атқарғандығын айтып өтті. Сонымен қатар, мектебіміздің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында ерекше ат салысқан ұстаздарды Алғыс хатпен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған