“Тәуелсіздік – ел тірегі” атты ашық сабақ

12 желтоқсан күні мектебіміздің 6 “Ә” сыныбында “Тәуелсіздік – ел тірегі” атты ашық сабақ өтті.

Оқушыларды Қазақстанның жеткен жетістіктерімен таныстырып, Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру мақсатында Салимова Күнсұлу Батырбайқызы ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өз сыныбымен ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының ерлігін, даналығын барынша жеткізіп, патриоттық өлеңдер оқып, күй тартып, Тәуелсіздікке байланысты сұрақтардың барлығына да лайықты жауап беріп, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіріп, тіпті, кейбір бүлдіршіндеріміз желтоқсан оқиғасының азапты көріністерінен көздеріне жас алып, бұл азаттықтың ақ таңы оңайлықпен келмегенін ұғынды.

Сабаққа қатысқан мұғалімдер алғыс білдіріп, Тәуелсіз елдің ұрпақтарына ақ баталарын беріп, мерейлі мерекемен құттықтап, егеменді елімізді қадірлеп, бағалай білуге шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған