Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялауына байланысты, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ директоры Нұркен Әшіров жалпы ата-аналар жиналысында айтқан «7 игі іс» аясында, 3 «А» сынып оқушылары жетекшісі Арзан Айтбайқызымен бірге соғыс ардагері, зейнеткер әже Х.С. Батырованың үйіне барып, өнерлерін көрсетіп, көңілін көтеріп қайтты.
Әке-шешесіне айтпай соғысқа кетіп, ауыртпалық көріп, Отан үшін қан майданда ерлік көрсеткен әжеміз соғыста басынан өткен оқиғаларын айтып, оқушыларға батасын беріп, “Адамдарды ренжітпеңдер, көп рахмет алыңдар, әке-шешелеріңді сыйлаңдар, бейбітшілікті бағалаңдар” деп ақыл-кеңесін айтты.
⠀
Барлық ардагерлердің ауыр күндердегі адал еңбектері үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Бүгінгі тыныш өмір ата-апаларымыздың арқасында екенін ұмытпайық!