Еске алу кеші

Ахмет Жұбанов негізін салған өнер шаңырағының дамуына алғашқы үлестерін қосқан ұстаздарды еске алу кеші өтті.

Мектебімізге адал еңбек еткен ұстаздардың есімін ұлықтау мақсатында өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кешке осы бір киелі шаңырақта қызметтес болған әріптестері де келіп, сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті.

55 жылдың ішінде ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім беріп, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып, тер төгіп, қоғамда ойып тұрып өз орындарын тапқан шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарымыз жетерлік. Солардың салған сара жолдарымен бүгінде алтын ұя мектебіміз биіктерден көрініп келеді. Олардың есімдері мектеп тарихында мәңгі бақи қалары сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған