Мұрат Бисенғалиевтің 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық концерті

15 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өнер әлеміне өлшеусіз еңбек сіңірген, жасынан музыка саласына құмартып, өз есімін қалыптастырған дарынды тұлға, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, ұлағатты ұстаз – Бисенғалиев Мұрат Құмарғалиұлының 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті.

Мұрат Бисенғалиевтың оркестрі көптеген байқауларға қатысып, мәдени шараларға белсене ат салысып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін үнемі шыңдап жүреді.

Концертте үрмелі аспаптар оркестрі отандық және шет ел шығармаларын көрермендерге ұсынды. Концерт өтілу барысында оркестр құрамындағы әр орындаушынының шеберлігі анық байқалды. Көрермендер ұмытылмас әсер алып, әр орындалған шығармаға ыстық лебіздерін қошеметпен білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған