Тарихы мен тағылымы мол білім ордасы

13 ақпан күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тарихы мен тағылымы мол білім ордасы” атты әдеби-сазды поэзиялық кеші өтті. 
Мектебіміздің тарихы мен тағылымын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында осы мектептің ашылуына ат салысқан, Ахмет Жұбановтың өзі жұмысқа шақырған Ткишев Темір және алғашқы түлектеріміз, аяулы ұстаздарымызды сахна төріне шақырып, залда отырған жас буын өздері білім алып жүрген киелі мектептің тарихын ұстаздарымыздың өздерінен естіп, өсиеттері мен тілектерін тыңдады.

Кеше ғана мектебіміздің табалдырығын аттап, өнерге бет бұрған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлеріне тәнті болып, талай киелі сахналарды бағындыратын ұрпақ болып өсіп келе жатқандары қуантты. Білімнің бастауы – бастауыштан. Себебі, қолға қалам алудан бастап, әріптерді үйретуге дейінгі бірінші баспалдақты – алғашқы ұстаз үйретеді. Ал біздің мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жас өнерпаздарға жан-жақты білім беріп қана қоймай, білім алып жатқан мектептерінің тарихымен терең таныстырып, құрмет тұтуға үйретіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқандығына көзіміз жетті.