Биыл Ұлы Даланың Ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Бұл мерейтой аясында мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгін де қазақтың бас ақынына арналған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты әдеби кеші өтті.
⠀
Бүгінгі әдеби кешке арнайы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай ғылыми-зерттеу орталығының» директоры, Абайтанушы Жабал Шойынбет ағамыз келіп, Абай мұрасын қазақ халқының руханияты екенін негізге ала отырып сөз қозғады.
⠀
Кездесу барысында Абайдың қандай дара тұлға екенін айта отырып, күрделі сөздерінің мағынасын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, адамгершілікті сақтау үшін, ел болу үшін – Абайды оқу керектігін айтты.
⠀
Кеш соңында оқушылар Абай атаға арнап өлең оқып, күй шертті. Осылайша мәнді де мағыналы кеш өз деңгейінде өтіп, Ұлы Абай туралы сыр шертілді.