Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, мәдениет қайраткерлері, қала тұрғындары қатысқан поэзия кешінде мектебіміздің скрипкашылары (Жетекшісі Набиева Ж.О.) өнер көрсетіп, 3 “А” сынып оқушылары: Ерназар Амир, Өмірбек Аяулым
(Сынып жетекшісі: Рыскулова А .А.) және 2 “А” сынып оқушысы Нурали Айым
(Сынып жетекшісі: Нусипбекова А. С.) сахнада Абайдың өлеңдерін оқыды.
⠀
Абайдың мұрасын кең насихаттау мақсатында өткен кеште, көрермендер де атсалысып, Абайдың өлеңдерін жатқа айтты.
⠀
“Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі”, деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, әлемдік руханиятқа сарқылмас қазына қосқан ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын кең ауқымды түрде дәріптеу арқылы біз болашағымызды нығайтамыз.
![](https://jubanov.kz/wp-content/uploads/2020/04/6eb6d5d6-1379-40b6-94a3-94bb1163bad6-1-1024x576.jpg)