Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында осы жоба қолданылатын болады.
Жобаның негізгі міндеттері — мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту, жемқорлыққа жол бермеу.
Жиналыс барысында мекеме қызметкерлері жобаның мақсатымен танысып, өз ұсыныстарын білдіріп, жеке жауапкершіліктерін арттырып, қызметтердің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру және тағы басқа мәселелерге бақылау жасау туралы талқылады.
Жоба бойынша мектеп директоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы мектеп қызметкерлерімен бірлесіп, жоба кеңсесінің мүшелерін тағайындады.
Жақын арада «Адалдық алаңы» жобасының мүшелері және қабылдау уақыты туралы ақпаратты жариялайтын боламыз.