Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасы

«Халық аспаптар» номинациясы

Шертпелі-төкпелі аспаптар (домбыра, дутар, қомыз, домбыра-прима, шертер, рубаб, ауған-рубаб, рубаб-прима)

  1. Ізмұратова Зәмзәгүл Шәріпқызы – ҚР Мәдениет қайраткері, «Жоғарғы оқу орнының үздік педагогы» номинациясының иегері, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, қазылар алқасының төрайымы. (Алматы қаласы)
  2. Абдурахманов Бахтияр Абдулазизович – Өзбекстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Республикалық байқаулардың лауреаты. Р.Глиэр атындағы мамандандырылған музыка мектебінің «Өзбек халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі. (Ташкент қаласы)
  3. Кудайбергенова Салтанат Аскеновна – Құрманғазы атындағы ҚҰК «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, П.И.Чайковский атындағы АМК «Халық аспаптар» ПЦК оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. (Алматы қаласы)
  4. Абенов Батырлан Алкенулы – Өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық өнер университеті «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі. (Нұр-Сұлтан қаласы)
  5. Орынтаев Талғат Ескермесович – Республикалық конкурстардың лауреаты, Ленин комсомолы жастар сыйлығының лауреаты, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің ұстазы. (Алматы қаласы)

Ішекті-ысқышты аспаптар және клавишті-пневматикалық аспаптар (қыл қобыз, қыл қыяқ, гиджак, прима-қобыз, прима-қыяқ, сырнай, баян, аккордеон).

  1. Смакова Зауре Ныгметовна – ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК қобыз баян кафедрасының профессоры, қазылар алқасының төрайымы. (Алматы қаласы)
  2. Кирекечова Санаа Сапарбековна – Мукаш Абдраев атындағы республикалық арнайы орта музыка мектеп-интернатының Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. (Бішкек қаласы)
  3. Джунусова Балжан Бекеновна – Өнертану ғылымдарының магистрі, Құрманғазы атындағы ҚҰК қобыз баян кафедрасының аға оқытушысы. (Алматы қаласы)
  4. Ақмолда Саян Досмахамбетұлы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің ұстазы. (Алматы қаласы)
  5. Сабденалиева Айгуль Узматовна – Республикалық байқаулардың лауреаты, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі. (Алматы қаласы)

«Фортепиано» номинациясы

  1. Кусаинов Алтай Карпыкович – ҚР еңбек сіңірген артисі, профессор, қазылар алқасының төрағасы. (Алматы қаласы)
  2. Суранчиева Гульзинат Карыбековна – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, П.Шубин атындағы Орталық балалар музыка мектебінің директоры. (Бішкек қаласы)  
  3. Мансуров Ерлан Саркытович – Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. (Алматы қаласы)