Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызымен онлайн сұхбат

14 қаңтар күні “Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты” республикалық мемлекеттік мекемесінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызымен онлайн сұхбат өтті.

Zoom платформасы арқылы өткен онлайн сұхбатта Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, бұл тақырыптың маңыздылығы және құқық бұзушылық жасағаны үшін тартылатын жауапкершіліктер туралы айтты.

Сондай-ақ, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығы мен азаматтардың мінез-құлқының жемқорлыққа қарсы моделін және сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың қоғамдық атмосферасын құруға бағытталған «Адалдық алаңы» жобасының ұйымдастырушысы Жазира Жақсылыққызымен өткен онлайн сұхбат қызу талқыланып, тиісті жауаптар алынды.

Комитет Төрағасы Жазира ханымға алғыс білдіреміз!

Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.