Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы «Халық аспаптары» номинациясы 2022 жыл

І Жалпы ережесі

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы ҚРМәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 2-6 қараша күндері аралығында өткізіледі.

Мекен-жайы:  050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5

                             Тел/факс: 8 (727) 375 55 42, 8 (727) 375 55 39

                             e-mail: juban_konkurs_narodniki@mail.ru

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау;
  • Өнерлі, дарынды жас орындаушыларды анықтау;
  • Балалар мен жастарды дәстүрге, мәдениетке және ұлттық шығармашылыққа тарту;
  • Олардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, орындау шеберлігін арттыру.

ІІ Байқауды өткізу шарты және тәртібі

  • Конкурс ІІ кезеңнен тұрады;  
  • Байқауға арнайы мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары қатысады;
  • Осы байқауда өз тобында Бас жүлде және І-орын алған оқушы қайта сол топқа қатыстырылмайды;  
  • Байқау жарнасы шет елдік қатысушыға 18.000 тг.

Байқау жарнасы Қазақстандықтарға 10.000 тг. 

  • Байқау төмендегі номинация бойынша өтеді және аспапта ойнау ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді. Олар:

1)   Шертпелі-төкпелі аспаптар (домбыра, дутар, қомуз)  

2)  Ішекті-ысқышты аспаптар (қыл қобыз, қыл қыяқ, гиджак, прима-қобыз, прима-қыяқ)

3) Шертпелі (прима-домбра, шертер, рубаб, ауған рубабы, прима-рубаб, тар) және клавишті-пневматикалық аспаптар (сырнай, баян).

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлінуі:

Кіші топ – 9-12 жас

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19 жас

«Шертер» номинациясы бойынша:

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19 жас

  • Бір оқу орнынан әр топ бойынша және әр номинация бойынша екі қатысушы ғана жіберіледі;
  • барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс;
  • байқауға қатысушы өтінімде көрсетілген бағдарламаны өзгерте алмайды;
  • байқауға қатысушылардың өтінімі 20 қазаннан кейін қабылданбайды;

Қазылар алқасы

  • қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінің танымал белгілі өнер қайраткерлерінен құралады;
  • қазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.

ІІІ Өтініштерді тапсыру шарттары

Жас орындаушылар байқауына қатысу үшін келесі тізімдегі құжаттарды жіберулері керек:

  • берілген үлгідегі өтініш (электрондық түрде MS Word бағдарламасымен терілген);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың анық түрдегі көшірмесі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік/төлқұжат, электрондық түрде);
  • 10х12 см пішіндегі 1 фотосурет (электрондық түрде);
  • оқу орнынан анықтама (электронық түрде);
  • байқау бағдарламасы, уақыты (хронометраж) көрсетілуі керек;

Құжаттар түгел болмаған жағдайда, өтініштер қабылданбайды.

Өтінім 2022 жылдың 20 қазанына дейін (электрондық мекен-жай) қабылданады: juban_konkurs_narodniki@mail.ru  

тел. +7 (727) 391 06 10,

Факс:   375 55 42

Справки по телефону:

+7-777-642-42-88 Оспанқұлова Сания Ақылбековна (Директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары)

+7-707-387-19-57 Сабденалиева Айгүл Узматовна. (Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі)

+7-701-838-15-30 Ардақұлы Алмат (Концерт ісі менеджері)  

Байқаудың бағдарламасы:

Шертпелі-төкпелі аспаптар

Домбыра

Кіші топ

(9-12 жас)

  1. Фортепиано аспабының сүйемелдеуімен 1 шығарма
  2. Қалауы бойынша бір шертпе күй
  3. Қалауы бойынша бір төкпе күй

Орта топ

(13-15 жас)

І кезең

  1. Х.Тастанов «Фантазия» (міндетті)  
  2. «Шортанбайдың шертпесі» (Ұлы дала көне сарындары антологиясы жинағында) Сүгір «Тел қоңыр», Әбді «Қосбасар» (қалауы бойынша)
  3. Қалауы бойынша бір төкпе күй

                                               ІІ кезең

  1. Шет ел немесе орыс композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен бір  шығарма
    1. Түркеш – «Байжұма» (міндетті)  
    1. Қалауы бойынша бір шертпе күй
    1. А.Жұбанов – «Би күйі» (Қазылар алқасының сұрауы бойынша)

Үлкен топ

              (16-19 жас)           

І кезең

  1. М. Әубәкіров – «Фантазия»
  2. Осы күйлердің ішінен таңдауы бойынша 1 төкпе күй: Мәмен «Ақшолпан», Халық күйі «Ақсақ құла», Сейтек «Бұлбұл Айша», (А.Тоқтаған, А.Тоқтағанова «Сейтек» кітабынан)
  3. Бір шертпе күй (қалауы бойынша)

     ІІ кезең

  1. Шет ел немесе орыс композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма
    1. Мәді Шәутиев «Зар қосбасар»   
    1. Қалауы бойынша бір төкпе күй
    1. А.Жұбанов – «Би күйі» (Қазылар алқасының сұрауы бойынша)

Комыз, дутар

Осы номинация бойынша барлық топқа ортақ талап

Кіші топ

(9-12 жас)

  1. Фортепиано аспабының сүйемелдеуімен бір шығарма
  2. Қалауы бойынша өз елінің бір шығармасы
  3. А.Жұбанов – «Би күйі» (міндетті)

Орта топ

(13-15 жас)

                                                   І кезең

  1. Х.Тастанов «Фантазия» (міндетті) 
  2. «Шортанбайдың шертпесі» (Ұлы дала көне сарындары антологиясы жинағында) Сүгір «Тел қоңыр», Әбді «Қосбасар» (қалауы бойынша)
  3. Құрманғазы – «Балбырауын» (міндетті) 

ІІ кезең

  1. Шет ел немесе орыс композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен бір  шығарма
  2. Түркеш – «Байжұма» (міндетті) 
  3. Өз елінің бір шығармасы
  4. А.Жұбанов – «Би күйі» (Қазылар алқасының сұрауы бойынша)

Үлкен топ

(16-19 жас)

І кезең

  1. М. Әубәкіров – «Фантазия»
  2. Осы күйлердің ішінен таңдауы бойынша 1 төкпе күй: Мәмен «Ақшолпан», Халық күйі «Ақсақ құла», Сейтек «Бұлбұл Айша», (А.Тоқтаған, А.Тоқтағанова «Сейтек» кітабынан)
  3. Өз елінің бір шығармасы (қалауы бойынша)

ІІ кезең

  1. Шет ел немесе орыс композиторларының фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма
  2. Мәди Шаутиев «Зар қосбасар»
  3. Құрманғазы «Төремұрат» (міндетті)  
  4. А.Жұбанов – «Би күйі» (Қазылар алқасының сұрауы бойынша)  

Ысқышты-ыспалы аспаптар

Қыл қобыз

Кіші топ

(9-12 жас)

1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармасы

2. Ықылас «Шыңырау» Дәулет Мықтыбаевтың нұсқасы бойынша

3. Қорқыт – «Башпай»  

Орта топ

(13-15 жас)

І кезең

  1. А.Жұбанов «Вальс» немесе «Көктем» (қалауы бойынша)

2. Баубек – «Сарын» Қ.Әбеновтың нұсқасы бойынша

3. Қалауы бойынша қобыз күйі

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармасы
  2. Ықылас – «Қамбар батыр»
  3. Ықылас – Жалғыз аяқ»  

Үлкен топ

      (16-19 жас)

  І кезең

1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған шығармасы  

2. Ықылас «Қазан» (С.Үмбетбаевтың нұсқасы бойынша)

3. Ж.Қаламбаев – «Марш»  

ІІ кезең

  1. Шет ел композиторларының шығармасы (пьеса)
  2. Қалауы бойынша қобыз күйі
  3. С.Үмбетбаев – «Әкеге арнау»  

Қыл-қыяқ

Кіші топ

(9-12 жас)

  1. Өз елінің қыл-қияққа арналған бір шығармасы
  2. Ықылас «Шыңырау» Дәулет Мықтыбаевтың нұсқасы бойынша
  3. Қорқыт – Башпай»

Орта топ

(13-15 жас)

І кезең

1. А.Жұбанов «Вальс» немесе «Көктем» (қалауы бойынша)  

2. Баубек – «Сарын» Қ.Әбеновтың нұсқасы бойынша

3. Қалауы бойынша қыл-қияққа арналған күй

ІІ кезең

  1. Өз елінің қыл-қияққа арналған бір шығармасы
  2. Ықылас – «Қамбар батыр»
  3. Ықылас – Жалғыз аяқ»  

Үлкен топ

(16-19 жас)

І кезең

1. Өз елінің қыл-қияққа арналған бір шығармасы  

2. Ықылас «Қазан» (С.Үмбетбаевтың нұсқасы бойынша)

3. Ж.Қаламбаев – «Марш»  

ІІ кезең

  1. Шет ел композиторларының шығармасы (пьеса)
  2. Қалауы бойынша қыл-қияққа арналған бір күйі
  3. С.Үмбетбаев – «Әкеге арнау»  

Прима-қобыз, прима-кыяк, гиджак

Осы номинация бойынша барлық топқа ортақ талап

Кіші топ

(9-12 жас)

  1. А.Жұбанов «Вальс» немесе «Жез киік» (қалауы бойынша)
  2. Виртуоздық шығарма (қалауы бойынша)
  3. Күрделі формадағы шығарма   

Орта топ

(13-15 жас)

І кезең

  1. Е.Үсенов – Майраның әніне арналған «Фантазия»
  2. Қалауы бойынша кантилена
  3. Виртуоздық шығарма (қалауы бойынша)  

ІІ кезең

  1. Н.Тілендиев – «Абай табиғаты» (Грезы) (міндетті)
  2. Концерт І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері (қалауы бойынша)

Үлкен топ

(16-19 жас)

І кезең

     1. «Боз жорға» Ә.Толғамбаевтың өңдеуінде  

     2. А.Жұбанов – «Ария»    

     3. Виртуозды шығарма (қалауы брйынша)   

ІІ кезең

  1. Қ.Мусин – «Прелюдия»
  2. Концерт І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері (қалауы бойынша)

Шертпелі және плекторлы аспаптар

Прима-домбра, рубаб, прима-рубаб, ауған рубабы, шертер.

Осы номинация бойынша барлық топқа ортақ талап

Кіші топ

(9-12 жас)

  1. А.Жұбанов – «№4 Тәжік биі» (міндетті)
  2. Шет ел композиторының шығармасы (қалауы бойынша)
  3. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша)

Орта топ

(13-15 жас)

І кезең

  1. А.Жұбанов – «№5 Тәжік биі» (міндетті)
  2. Шет ел композиторының шығармасы (қалауы бойынша)
  3. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша)  

ІІ кезең

1. Орыс халық әні «Коробейники» В.Дительдің өңдеуінде (міндетті)

2. Қазақ композиторының шығармасы (қалауы бойынша)

3. Күрделі формадағы шығарма (қалауы бойынша)

Үлкен топ

(16-19 жас)

І кезең

  1. К.Күмісбеков – «Вальс» (міндетті)
  2. Шет ел композиторының бір шығармасы (қалауы бойынша)  
  3. Виртуоздық шығарма (қалауы бойынша)

ІІ кезең

1. Қазақ композиторының бір шығармасы (қалауы бойынша) 

2. В.П. Круглов, А. Цыганков өңдеуіндегі шығармалар (қалауы бойынша)  

3. Н.Будашкин – «Концерт» І бөлім (міндетті)

Шертер

Орта топ

(13-15 жас)           

І кезең

  1. А. Жұбанов – «№5 Тәжік биі» (міндетті)
  2. Шет ел композиторларының бір шығармасы (қалауы бойынша)
  3. Халық күйі – «Жорға аю» (міндетті)

ІІ кезең

  1. К. Күмісбеков – «Би» (міндетті)
  2. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша)
  3. Күрделі формадағы шығарма (қалауы бойынша)  

Үлкен топ

(16-19 жас)

І кезең

  1. Байжігіт – «Көк серке» (міндетті)
  2. Шет ел композиторының бір шығармасы (кантилена) 
  3. Виртуозды шығарма

ІІ кезең

  1. Раздық – «Аңшының зары» (міндетті) 
  2. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша)
  3. Күрделі формадағы шығарма (қалауы бойынша)   

Клавишті-плевматика аспаптары

Баян, (сырнай)

Кіші топ

  1. Полифониялық шығарма
  2. Виртуозды шығарма
  3. Күрделі көлемді шығарма (сонатина, циклдік шығарма)
  4. Қазақстан композиторларының баянға өңделген шығармасы немесе күй, ән

Орта топ

І кезең

  1. Полифониялық шығарма (міндетті түрде фугасымен)
  2. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша)
  3. Кіші формадағы шығарма (қалауы бойынша)

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма І немесе ІІ,ІІ бөлімдері немесе циклдік шығарма (қалауы бойынша) 
  2. Қазақстан композиторларының баянға өңделген бір шығармасы   

Үлкен топ

І кезең

  1. Күрдері Полифониялық шығарма (3, 4 дауысты, фугасымен бірге немесе  органға арналған полифониялар)
  2. Виртуозды шығарма (қалауы бойынша
  3.  Баянға өңделген бір шығарма (қалауы бойынша)

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарманың 1 немесе 2, 3 бөлімдері немесе циклдік шығарма.

2. Кіші формадағы пьеса (ХVIII ғ.д. композиторлардан: Д.Скарлатти, Г.Куперен, Рамо)  

3. Н.Тілендиев «Аққу» А.Гайсиннің өңдеуінде

Ахмет Жұбанов атындағы жас орындаушылардың

халықаралық конкурсы  

Номинация, топ ______________________________

Тегі ____________________________________________

Аты ___________________________________________

Туған күні, айы, жылы _____________________

Оқу орны _____________________________________

Ұстаздың толық аты-жөні  _________________

Концертмейстердің аты-жөні ______________

Мекен-жайы _________________________________

Байланыс телефон __________________________

ӨТІНІМ

АвторШығарма атауыТурХронометраж
1      
2      
3      
4      
5      
6        
7        
8        

Ескерту!

Шығарманың ойналу ұзақтығын міндетті түрде көрсету қажет!