Мектебіміздің оқушыларына Алмалы ауданы ПБ ЮПБ ЖПҚБ полиция капитаны Қ. Аяғанов пен полиция майоры Т. Абдиев “Құқық бұзушылық және оның алдын алу” тақырыбында әңгіме жүргізді.Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершіліктерін арттыру мақсатында өткен кездесуге 8-12 – сынып оқушылары қатысты.Бұл кездесу оқушылардың құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталды.Мемлекетіміздің Ата – заңының 1 – бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген Алмалы ауданы полиция қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі алғыс білдіреді.