Ташкент қаласы Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының Үлкен концерт залында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің концерті жоғары деңгейде өтті.
Концертте Халық аспаптар оркестрі (жетекшісі А.Бейсеков), “Ақжелең” фольклорлық ансамблі (жетекшісі Д.Исахан), “Асыл мұра” домбырашылар ансамблі (жетекшісі М.Ташимов), “Жез киік” қобызшылар ансамблі (жетекшісі Т.Карибаев) және де Н.Әшіров, Д.Рақымбайлар өнер көрсетті.
Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының ректоры, концертті ұйымдастыруға қолдау білдірген әкімшілікке алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатып, концерт қою жоспарда бар.