Қазақ мәдениетінің аңызына айналған Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тұлғасы
зерттеушілердің, орындаушылардың, композиторлардың үнемі қызығушылығын тудырып
келеді. Ахмет Жұбанов мұрасының музыка мәдениетінің түрлі аспектілеріне әсері
конференцияның басты тақырыбы болмақ. Қатысуға Қазақстан, ТМД және шет елдердің
мамандандырылған музыкалық оқу орындарының, өнер мектептерінің жетекшілері,
оқытушылары, студенттері шақырылады (онлайн және офлайн).
Баяндамалардың мазмұны музыкалық өнер жайындағы, педагогика және оқыту
әдістемесі бойынша зерттеулер, әртүрлі дәуірлердегі композиторлардың немесе өнер
қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша музыкатану жұмыстары, педагогикалық
қызметтің басқа бағыттары және түрлерімен байланысы, композиторлардың
шығармаларын ғылыми-әдістемелік және орындаушылық талдау, психологиялықпедагогикалық зерттеулер, көркемдік-эстетикалық және тәрбиелік бағыттағы мәселелер
туралы болуы мүмкін.
Конференцияға шығармашылық оқу орындарының оқытушылары да, студенттері де,
мамандандырылған музыка мектептері мен өнер мектептерінің жоғары сынып оқушылары
да қатыса алады.
- Ғылыми-практикалық педагогикалық конференция аясында талқылауға келесі
бағыттар ұсынылады:
№1 секция. «А. Жұбановтың шығармашылығы және қазіргі заманға жеткен
мұралары»; - А. Жұбанов мұрасының призмасы арқылы дәстүр мен жаңашылдықтың
байланысы; - Қазақстанның заманауи композиторларының шығармашылығын жариялау;
- Түркі халықтарының ұлттық (авторлық) шығармаларының ұқсастығы мен
айырмашылығы (практикалық көрсетілім).
№ 2 секция. «Ұлттық музыка өнері мен білім берудің өзекті мәселелері» - Музыклық педагогиканың дамуы;
- Қазіргі заманғы музыка мәдениетіндегі композиторлық (сазгерлік) және
орындаушылық дәстүрлер; - Музыка өнерінің басқа өнер түрлерімен және жалпы білім беретін пәндермен
өзара байланысы; - Өткен дәуір мен қазіргі заман музыкасының байланысын жаңа технологиялар мен
оларды қолдану мүмкіндігі арқылы жаңғырту.
Білім алушыларға арналған ғылыми-зерттеу конференциясы шеңберінде талқылау мынадай
бағыттар бойынша ұсынылады:
Қазақстан мен әлемдік мәдениеттегі композиторлар мен музыка өнері қайраткерлерінің
шығармашылық мұрасы. Музыкалық шығармашылық ұжымдардың, көрнекті педагогтардың,
өнер саласындағы қайраткерлердің мерейтойлық даталарына ерекше назар аудару керек - Зерттеу жұмысы (шығарманы талдау, стильі, бағыты).
Техникалық талаптар:
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ,орыс, ағылшын
Қатысу нысандары: күндізгі және сырттай (онлайн)
Әдебиеттер мен түсіндірмелерді рәсімдеу ғылыми басылымдардың талаптарына сәйкес
болуы тиіс.
Қатысушылар талаптарды сақтай отырып,онлайн мақала жібереді, сөйлейтін сөзінің
бейнежазбасын жасап жібере алады (5-10 минуттық ережеге сай), YouTubе сілтемесі жіберіледі
(конференцияда көрсету үшін)
2024 жылдың 29 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне қатысу туралы өтінім ұсынады,
№ 1 қосымша Өтінімге баяндаманың мәтіні қоса беріледі (рәсімдеуге қойылатын талаптарды
қараңыз)
№ 2 қосымша). Конференциядан кейін электронды жинақ шығару жоспарланған.
Ұйымдастыру жарнасы 5000 теңге. Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына,
ғылыми немесе ғылыми шығармашылық этика немесе баяндамаларды ресімдеуге қойылатын
талаптарға сай келмеген баяндамаларды қабылдамауды өз құқығына қалдырады.
Баяндамалары жинаққа қабылданған барлық қатысушыларға Сертификаттар беріледі (сондайақ, А. Жұбанов атындағы РҚМММИ ресми сайтынан жүктеуге болады).
Жол жүру мен тұру ақысын іссапарға жіберуші тарапы төлейді.
Конференцияға қатысу үшін кіру жарнасын төлеу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша
жүргізіледі: AO «Kaspi Bank» кіру жарнасын төлеу туралы түбіртек (көшірме). Түбіртектің
көшірмесі өтініммен бірге конференцияның Ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта
арқылы жіберіледі. Әйтпесе, қатысу жойылады!!! Конференцияға қатысудан бас тартылған
жағдайда кіру жарнасы қайтарылмайды.
«Art Forum of Kazakhstan» Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Алушы Банк: AO «Kaspi Bank»
БСК CASPKZKA
БСН / ЖСН 990905300074
Шот нөмірі: KZ19722S000021431165
КБе 19
ТТК 869
Төлемнің мақсаты: халықаралық конференцияға қатысу. Кіру жарнасын төлегені туралы
түбіртек (көшірме) түбіртектің көшірмесі өтініммен бірге конкурстың Ұйымдастыру
комитетіне электрондық пошта арқылы жіберілуге тиіс, олай болмаған жағдайда
конференцияға қатысу күшін жояды!!! Конференцияға қатысудан бас тартылған жағдайда кіру
жарнасы қайтарылмайды.
Мекен-жайы: 050008, Қазақстан, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5.
А.Жұбанов атындағы РҚМММИ
E-mail: alima_mm@mail.ru (хаттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып)
«КОНФЕРЕНЦИЯ»)
Тел. +7705 249 55 05 (Бекжигитова Алима Мұратқызы),
+7777 280 88 82 (Қозыбаева Айнаш Ахметқанқызы