

Мектебімізде қыркүйек айының үшінші аптасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Аналар күні аталып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Динжанова Толғанай Мүхиденқызының жетекшілігімен 2 “А” сынып оқушыларымен «Ана – өмірдің шуағы» атты сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында балалар аналарға арнап ән шырқап, қолдан сыйлықтар дайындады.
Мұндай іс-шаралар балалардың ата-аналарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.