


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жариялағандай, 23–27 қыркүйек аралығында республикамыздың барлық өңірлеріндегі мектептерде ата-аналар жиналыстары өтуде.
Осыған орай 26 қыркүйек күні мектеп директоры м.а. Ж.Ш. Искакованың басшылығымен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілік» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектеп заңгері Амандосов Б. және мектеп психологы Ақсакалова М. ата-аналарға арнайы баяндамалар жасады.
Баяндамаларда олар қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және олардың алдын алу үшін қандай нақты шаралар қолдану керектігі жөнінде кезең-кезеңімен ұсыныстар берді. Атап айтқанда:
• баланың мінез-құлқын үнемі бақылау;
• әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалау;
• мектептегі құрдастарымен қарым-қатынасын бақылау;
• ата-ананың баламен тұрақты қарым-қатынас орнатып, ашық диалог жүргізуі;
• сенімді орта құру және баланың өміріне белсенді араласуының маңыздылығы атап өтілді.