1 қазан – Халықаралық қарттар күні!

1 қазан – Халықаралық қарттар күні!

Әрине, біз жоғары буындағы ардагер ұстаздарымыздың біз үшін жасаған еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

Осыған орай Қарттар күніне байланысты 5 «А» сынып оқушылары ардагер ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Оқушылар ұстаздарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын жеткізді.