

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие мен адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі өлшеусіз. Сондықтан да ұстаз – әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Осы орайда мектебіміздің оқушылары ардақты ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ерекше көңіл күймен қарсы алды!
Осындай талантты да дарынды шәкірттеріміз көп болғай – олар елдің атын шығарып, аймақ абыройын асқақтататын, еліміздің ертеңін жарқын етіп, туған жердің туын биіктететін азаматтар мен азаматшалар болсын!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!