

15 қараша мектебімізде ата-аналармен маңызды жиын өтті.
Жиынның негізгі тақырыбы — «Отбасы құндылығы».
Бұл тақырыптың маңызы ерекше, себебі отбасы — адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие ошағы, баланың дүниетанымын қалыптастыратын басты күш.
Жиналыс барысында ата-аналарға:
• отбасының тәрбиелік рөлі,
• балалармен ашық сөйлесудің маңыздылығы,
• отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс жайында мазмұнды ойлар айтылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Барлық ата-аналар өз ойларын ашық білдіріп, ортақ мәселелерді бірге талқылады. Маңызды ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Отбасы — бұл сүйіспеншілік пен қолдау, түсіністік пен жауапкершіліктің негізі.
Біз бала болашағын бірге қалыптастыра отырып, әр қадамына жанашырлық танытуға және қолдауға міндеттіміз.
Әрбір ата-ана мен мектептің ортақ мақсаты — балаларға бақытты және салауатты өмір сүруге мүмкіндік беру.