“Интернет ресурстарын тиімді пайдалану мәдениеті”

“Интернет ресурстарын тиімді пайдалану мәдениеті” тренингі 5-сынып оқушыларымен

Мектеп психолог Марфуға Аксакалова жетекшілігімен 5- сынып оқушылары үшін ерекше тренинг өтті. Тренингтің негізгі мақсаты — жасөспірімдерге интернет ресурстарын дұрыс және тиімді пайдалану мәдениетін үйрету болды.

Марфуға Аксакалова оқушыларға интернеттің мүмкіндіктері мен қауіптері туралы түсінік беріп, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ақпаратты тек сенімді көздерден алу және жеке деректерді қорғау туралы практикалық кеңестермен бөлісті. Оқушылар тренинг барысында қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы интернетті дұрыс пайдалану дағдыларын үйреніп, өз сұрақтарына жауап алды. Интернет қауіпсіздігі мен ақпараттық сауаттылықты арттыру бағытындағы тренинг болашақта балаларымыздың саналы әрі қауіпсіз интернет пайдаланушы болуына ықпал ететіні сөзсіз!