Салауатты өмір салты

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша қалалық №3 емхана қызметкерлері 6 және 9 желтоқсан күндері мектеп оқушыларына арналған семинарлар өткізді. Семинардың басты мақсаты — жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиеналық ережелер мен денсаулықты сақтау дағдыларын үйрету болды.

Іс-шара барысында қыздар мен ұлдарға бөлек топтарда жеке гигиена, дұрыс тамақтану, дене күтімі сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Әрбір қатысушыға гигиеналық талаптардың адам денсаулығын сақтауға және нығайтуға қалай ықпал ететіндігі туралы ақпарат берілді.

Бұл семинарлар жасөспірімдердің денсаулығын күту мен дұрыс өмір салтын ұстану туралы түсініктерін тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды. Жастардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, оларды денсаулықты сақтау мен күтуге бағыттайтын осындай шаралардың маңызы зор.

Ұйымдастырушылар:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. Жакишева Г.А.,
мектеп дәрігері Түлепбергенова Гүлнар Билисбековна,
мектеп мейірбикесі Саурықова Шолпан Бекетовна,
№3 қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы: С.Х. Аубакирова.
Интерндер: Жолшиев Алибек, Бақыт Қорқыт, А.Қ. Жобаева, М.Е. Генжегулова.