Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас дарындарды құттықтады.

Марапаттау рәсімінде Аида Балаева елде ортақ мақсат-мұраттарды ұстанатын дарынды жастардың өсіп келе жатқанын атап өтіп, биылғы жеңімпаздар қатарында біздің мектебіміздің талантты қызметкерлері Ерназар Гимарат пен Аршат Шәріп те бар екенін ерекше айтты. Олар «Мәдениет» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары атанды!

Ерназар Ғабитұлы мен Аршат Ертісұлының жобалары Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған. Бұл жеңіс – олардың таланты мен қажырлы еңбегінің лайықты бағалануының көрінісі.
Сіздердің жобаларыңыз мәдениет, ғылым және басқа да маңызды салаларда жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге жол ашады.

Ерназар Ғабитұлы мен Аршат Ертісұлына шығармашылық табыс, жаңа белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз! Сіздермен мақтанамыз және болашақтағы жеңістеріңізге сенім артамыз!