


«Дарынды балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»
|| тоқсан қорытындысы бойынша мектебімізде 1–12 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында «Дарынды балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда ата-ананың қолдауы мен тәрбиелік ықпалының маңызы ерекше екені атап өтілді.
🟢 Жиналыс мазмұнында:
• оқу жылының І жартыжылдығындағы мектеп жетістіктері мен оқушылардың үлгерімі;
• дарынды балаларды қолдау жолдары;
• ата-ананың тұлғалық дамуға әсері;
• баламен эмоционалдық байланысты нығайту тәсілдері қарастырылды.
🔍 Мұғалімдер мен ата-аналар әрбір баланың қабілетін тиімді дамыту үшін бірігіп әрекет етудің қажеттілігін түсініп, нақты ұсыныстармен бөлісті.
Баланың үйдегі тәртібі, оқу үлгерімі және күнделікті даму жолында ата-ананың қолдауы – ең басты қозғаушы күш екені ерекше айтылды.
👪 Дарынды баланы тәрбиелеу – ата-ана мен мектептің бірлескен еңбегі.
Әр оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып, оған бағыт-бағдар беру — ата-ананың басты міндеттерінің бірі.