«Заң және тәртіп» құндылығы тақырыбында маңызды кездесу өтті


📌 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
📅 Мектебімізде 7–12 сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор кездесу ұйымдастырылды.

🔹 Іс-шараның мақсаты — оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң мен тәртіпке бағынудың маңыздылығын түсіндіру болды.

👮 Кездесуге арнайы қонақтар шақырылды:
• Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Бақыт Д.Д.
• Алмалы ауданы ПБ ЖПКБ ЮПБ полиция лейтенанты Жұмабек А.Ж.
• Алмалы ауданы ПБ ЮПБ ЖИКБ полиция капитаны Аяғанов К.К.

🔸 Олар оқушыларға:
• құқық бұзушылықтың салдары,
• қылмыстың алдын алу жолдары,
• заңды сақтау мен қоғамдық тәртіптің маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді.

👥 Іс-шара мектеп әкімшілігінің қолдауымен өтті. Қатысқандар:
• директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Искакова
• тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Жакишева
• интернат меңгерушісі Д.Т. Бекимова
• мектеп психологы М.С. Аксакалова
• әлеуметтік педагог М. Абдуллаев, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен оқушылар.

❓ Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен толық әрі нақты жауаптар алды.

✅ Бұл кездесу – оқушылардың құқықтық сана-сезімін арттыруға, заңға құрметпен қарауға, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.