Бүгін мектебімізде ерекше концерт өтті!
Бүгін, “Арнайы фортепиано” бөлімінің қатысуымен «Өз елім» атты концерт өткізілді.Концертте Қазақстан композиторларының ең таңдаулы шығармалары шырқалып, қазақ музыкасының әсемдігі мен тереңдігін көрсететін орындаулар көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл концерт Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығына арналып, оның музыкалық мұрасы да ерекше орын алды. Бұл күн тек музыка сүйер қауым үшін ғана емес, жалпы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыратын үлкен мереке болды.
Концертке қатысушылар мен тыңдармандар ерекше әсер алды, ал орындаушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, залды шабытпен толтырды.
Бұл іс-шара Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу, музыкалық білім мен өнерді жаңа деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам болды.
