

Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, сынып жетекшілері Гульзира Жиеналиевна мен Света Серікбайқызының жетекшілігімен Көрісу күні кең көлемде атап өтілді.
🤝 Бұл күні барша оқушылар мен ұстаздар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, жылы жүзбен амандасып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтады.
🌱 Наурыз – жаңа жыл мен жаңарудың бастауы. Көрісу күні – бауырмалдықтың, достық пен сыйластықтың нышаны.
Осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін дәстүрлі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!