

Қарттарға қамқорлық:
Мейірімділік пен жақсылықтың ізімен
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, Наурызнама онкүндігі аясында 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Құндыз Кеңесбекқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбараш Әбжаппаровна және ата-аналармен бірлесе отырып, “Мейірімді жанұя” қарттар үйіне барып, өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Қарттар оқушыларға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды. Бұл іс-шара – қайырымдылық пен мейірімділіктің символына айналды.
Бұл күн ұстаз, оқушы және ата-ана арасындағы үштік одақтың бірлігін айқындай отырып, үлкендерге қамқорлық көрсету – әрбір адамның борышы екенін тағы бір мәрте еске салды.
Қайырымдылық – адамның жүрегінен бастау алатын мейірім мен жанашырлықтың көрінісі. Ол тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар жан дүниемізбен, сезімімізбен, іс-әрекетімізбен жақсылық жасауға үндейді.
Қайырымдылық – әлемді жақсартуға, адамдар арасындағы түсіністік пен құрметті арттыруға жол ашады.
Ол әр жүректе қуаныш оятып, қоғамға шаттық пен тыныштық сыйлайды.