Ұлттық киім күні

Бүгін, 18 наурыз — Ұлттық киім күні!
Бұл күн — халқымыздың бай мұрасын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын насихаттауға арналған ерекше мереке.

Әрбір ұлттық киімнің өз тарихы, мәні мен символикасы бар. Олар ата-бабаларымыздың өнері мен қолөнерін, шеберлігін паш етеді.
Ұлттық киімдер — сан ғана емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдениетіміздің айнасы.

Бүгінгі таңда әрқайсымыз ұлттық киімімізді киіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өз елімізге деген құрметімізді көрсете аламыз.
Жаңа дәуірде ұлттық киімдер тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірімізде де өз орнын табуда.

Киіміміздің әсемдігі мен мағынасы арқылы қазақ халқының бай тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшелігін айшықтайық.

Құрметті достар, бүгін барлығымыз ұлттық киімдерімізбен мақтанайық! Әрбір киімнің артында — еліміздің жүрегі мен рухы жатыр.
Жақсы дәстүрлерді сақтап, оларды болашақ ұрпаққа жеткізейік!