Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық музыка мектебінің оқушылары қазақ өнерінің заңғары, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай оның рухына тағзым етіп, басына барып, құран бағыштады. Бұл игі шара мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы Әшіровтің бастамасымен жүзеге асты.
Ұлы сазгердің ескерткіші алдында күмбірлеген күйлері төгіліп, жүрекке жеткен әсем әндері шырқалды.

Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың тарих пен тұлғаларды тануға, қазақ музыкасының тереңіне бойлауға үлкен септігін тигізері сөзсіз.