


Мектебімізде Галина Алексеевна Мелькованы еске алу кеші өтті. Галина Алексеевна 52 жылдық еңбек жолында көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, мектептің кәсіби деңгейін көтеруге зор үлес қосты. Ол шәкірттерін алға жетелеп, шабыттандыра білді.
Республикалық, Халықаралық лауреаттарды шығарып, мәдениет үшін зор еңбек сіңірді. Бұл кеш оның жарқын бейнесіне деген сағыныштың белгісі. Оның жарқын бейнесін мәңгілік жадымызда сақтаймыз…
Жүргізуші: арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Бейсембаева Гаухар Серікқызы.