Бельгиядан жеңіспен оралды!

2025 жылдың 11-13 сәуір аралығында Бельгия мемлекетінің Монс қаласында өткен «Accordéons-nous.org» Халықаралық беделді байқауда мектебіміздің халық аспаптар бөлімінің ұстазы Ғалымжан Маратұлының шәкірттері елге жүлделі оралды, атап айтсақ:

  • 8″Ә” сынып оқушысы Далабек Әбілмансұр классика категориясында 1 орын;
    Senior Variete категориясында 2 орын;
  • 4″Ә” сынып оқушысы Батырхан Бексұлтан
    3 орын;
  • 1″А” сынып оқушысы Әлихан Біржан
    4 орын;
  • 4″А” сынып оқушысы Тұрақбай Думан
    1 орын;
    Ахмет Қуанұлының арманы тағы бір орындалған сәт!
    Мектебіміздің ғана емес еліміздің атын бүкіл әлемге тағы бір мәрте паш еткен виртуоз оқушыларымыз бен Ғалымжан Маратұлын мектеп ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!