Әдістемелік концерт-семинар өтті

2025 жылдын 10-шы сәуірінде М. Төлебаев атындағы 5-ші Балалар музыка мектебінің Концерт залында Білімдегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Творчество Владимира Новикова как зеркало души” атты қалалық әдістемелік концерт-семинарға А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның ұстаздары: Жакеева Гүлнәр Сапиоллақызы мен Жүнісов Бағдат Әлішерұлы белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Оқушының ойын ұға алатын, шәкірттерді шыңға шығаратын талантты ұстаздарымызға зор алғыс!