Оқушылар ардагер апаларымызға мерекелік көңіл күй сыйлады⠀

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары тыл ардагерлері — Мадина Ибраева мен Ира Тілеуханова апаларымызға арнайы барып, алғыс білдіріп, жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.

Көңілден шыққан шағын концерттік бағдарламаларын ұсынып, ардагер апаларымызға мерекелік көңіл күй сыйлады.


Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан тәрбиешілер — Райымқұлова Базаркүл Тұрсынқызы мен Мамырбекова Гүлмира Мұқанқызына үлкен алғыс білдіреміз!

Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Еліміз аман, көк туымыз биік, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!