1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Мектебімізде интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан, бейбітшілік» тақырыбында концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шара барысында оқушылар әр ұлттың ерекшеліктерін таныстырып, ұлттық билерді нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін түсіндіру. Балаларды ынтымаққа, достыққа, Отанын сүюге және қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға өз үлесін қосатын азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сонымен бірге, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:
• Құрсақбаева Аяжан Бекенқызы
• Исаева Гүлзира Байдарханқызы
• Нұрқасым Айгерім Әлімжанқызы
• Құрсақбаева Саулеш Бекенқызы
• Далишева Бақытгүл Серікбайқызы
• Құанышбаева Мейрамгүл Сыдыққызы