
Жеңіс күніне арналған сынып сағаты өтті
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы мағлұмат алып, ерлік пен патриотизмнің маңызын терең сезінді. Ардагерлерге деген құрмет пен алғыс сөздері айтылып, бейбіт өмірдің бағасы туралы ой қозғалды.
Мақсат – өскелең ұрпаққа тарихи сананы қалыптастырып, ұлтжандылық рухын сіңіру.
Ұлы Жеңіс – мәңгі жадымызда!