Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтті

2025 жылдың мамыр айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жас түлектерге арналған дәстүрлі жұмысқа орналасу жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – болашақ музыка мамандарын еңбек нарығымен таныстырып, білім беру мекемелері мен мәдени ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсыну.

Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген түрлі өнер және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Солардың қатарында біздің мектебіміздің үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің ұстаздары – Аружан Бисенғалиева мен Нұрсұлтан Мейірбекұлы да сөз сөйлеп, мектептің жұмысқа бос орындарымен таныстырды